«Ұлттық теңге мәртебесі» атты танымдық тәрбие сағат өтті.

14 қараша күні 15 қараша Ұлттық валюта теңге күніне орай Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ұлттық теңге мәртебесі» атты танымдық тәрбие сағат өтті.Бүгінгі танымдық тәрбие сағатында кітапханашы оқырмандарды ұлттық теңгенің жалпы тарихымен оның маңыздылығын, қай уақыттан бастап айналымға шыққандығын, оның төл авторларының өмір-тынысымен, алғашқы банкноттар жайлы толық мәліметтер келтіре отырып, көптеген деректермен таныстырды.