“Ұлт мақтанышы” атты әдеби круиз өтті.

14 қараша күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын әрі жазушы Міржақып Дулатовтың шығармаларын насихаттауға арналған “Ұлт мақтанышы” атты әдеби круиз өтті.

Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның қазақ халқының санасын оятудағы рөлі атап өтілді.