“Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев” атты әдеби библиографиялық шолу өткізілді.
13 қараша күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық артисі композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтың 85 жас мерей тойына орай “Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев” атты әдеби библиографиялық шолу өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Ескендір Хасанғалиев ағамыздың музыка саласына сіңірген еңбегі мен өмір жолдарына шолу жасап, композитордың атақты әні “Атамекен” әні әрбір қазақ баласының жігерін қайрап, туған елі мен жеріне деген махаббатын арттыра түскен ән халықтың жүрегінің түкпірінен орын алғанын айтып өтті.


