«Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты викториналық ойын өткізілді.

13 қараша күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызыметкерлерінің ұйымдастыруымен 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты викториналық ойын өткізілді. Шара барысында оқырмандарға теңге туралы толық мәліметтер беріп, қол шатырға теңгеге байланысты сұрақтар жасырып, оқушылар жауабын берді.

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын және қаржылық сауаттылығын дамыту. Ұлттық құндылықтарға деген сезім-құрметтерін қалыптастыру, теңгенің ел тәуелсіздігін нығайтудағы рөлін түсіндіру.