«Қазақ өмірінің айнасы» тақырыбында тарихи-танымдық сағаты өтті.

13 қараша күні Балалар және жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің шығармаларына насихаттау мақсатында «Қазақ өмірінің айнасы» тақырыбында тарихи-танымдық сағаты өтті. Сүбелі еңбектер жазған жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, өнегесі туралы оқырмандарға кеңінен айтылып, «Шұғаның белгісі» повесінің идеясы, композициялық құрылысы, шығарманың бастауы, ондағы басты кейіпкер Шұға мен Әбдірахманның арасындағы сезім, қоғамдағы шиеленіс оқырмандарға жан-жақты жеткізілді.