«Мен қазақтын қызымын» тақырыбында сыр кеші өткізілді.
12 қараша күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, айтыскер ақын Надежда Андреевна Лушникованың 85 жылдық мерейтойына орай «Мен қазақтын қызымын» тақырыбында сыр кеші өткізілді. Шара барысында жыр сайыстарында дәстүрлі айтыс өнерінің жаңаша дамуына елеулі үлес қосқан ақынның өмірбаяны баяндалып, “Көңіл-күй”және “Туған жер” өлеңдер жинағы таныстырылды. Оқушылар өлеңдерден үзінділер оқып, кешті әсерге бөледі.


