«Жанарым менің жүрегім» атты мерекелік кеш өткізілді.
12 қараша күні Зағип және нашар көретін азаматттарға арналған бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 13 қараша Зағиптар күніне орай «Жанарым менің жүрегім» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында бөлім оқырмандары Ғ.Қажығалиев, К.Арғынбеков, Ж.Көшербаева домбырамен әуелете ән салды. Кітапханашылар С. Әбубәкір мен А.Токашева жырдан шашу шашса, кітапханашы А.Булашбекова халық әні «Балапан қаз» әнімен кешті аяқтады. Шара соңынан бөлім оқырмандары Р.Малшыбаев пен Т.Әлімжанова, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. ОКЖ директоры Б.Алжанбаева кеш соңынан сыйлықтар тарту етті. Әдеби кеш мерекелік дастарханмен жалғасты.


