«Ұлттық валюта-төл теңге» тақырыбында блиц өткізілді.
12 қараша күні №2 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен 14 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық валюта-төл теңге» тақырыбында блиц өткізілді. Іс шара барысында Қазақстан ақшасының теңгенің тарихы және банкноттар мен монеталардың дизайны қалай өзгергені туралы түсіндіріп айтып берді. Мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихын түсіндіру, оны пайдалану және қазіргі өмірдегі шешуші рөл, сондай-ақ ұлттық валютаның егеменді мемлекеттің маңызды атрибуттарының бірі ретіндегі маңыздылығын ашу.


