«Ұлттық теңге – Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты танымдық сабақ өтті.
12 қараша күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге – Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты танымдық сабақ өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға теңгенің енгізілу тарихымен, алғашқы банкноттар мен монеталар туралы таныстырып, Қазақстан Республикасының валюта жүйесі туралы материалдар көрсетілді.



