,,Шығыстың жарық жұлдызы» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.

7 қараша күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының алғашқы ғалымы, шығыстану көгінде халқымыздың тарихи болмысының негізін қалаушылардың бірі Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ,,Шығыстың жарық жұлдызы» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізіліп, ,,Алтыншақарға сапар», ,,Шоқан Уәлиханов» кітаптары насихатталып таныстырылды.

Мақсаты: Шоқан Уәлиханов бірегей тұлға екенін тану. Қазақ халқының атақтары адамдарын, тарихи тұлғаларын мақтан ету, Отанына келешекте адал қызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу.