“Діни білім – тәрбие бастауы” тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
6 қараша күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері “Теміржол” колледжінің білімгерлерінің қатысуымен “Діни білім – тәрбие бастауы” тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Шара барысында Жамбыл облысы әкімдігі “Дін проблемаларын зерттеу орталығы” Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Боранқұл Нұрдәулет шақырылып, Ислам дінінің Қазақстанға келуі мен таралуына және оның басты кезеңдерін талдай отырып, жалпы қазақ қоғамындағы Ислам дінінің алатын орнына ғылыми тұрғыдан пайымдау жасап, Қазақстан аумағында таралған діни ағымдар және теріс ықпалдағы діни ағымдар жайлы түсінік берді.


