“Кемел келешекке бет алған Қазақстан” атты патриоттық өлеңдер байқауы өтті.
21 қазан күні Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 25 қазан –Қазақстан Республикасының 35 жылдығына орай “Кемел келешекке бет алған Қазақстан” атты патриоттық өлеңдер байқауы өтті.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық рухты, патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жерді құрметтеуге баулу.
Іс-шараға Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 9–12 жас аралығындағы оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау үш кезең бойынша өткізілді:
1. «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» – қатысушылар өздерін таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылықтары туралы баяндады;
2. «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» – қатысушылар туған ел, Отан туралы жатқа өлең оқып, көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті;
3. «Туған жердің тарихы» – Қазақстан тарихына байланысты сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін сынады.
Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы:
Бағдагүл Дәулетқанқызы Алжанбаева – Шу аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры;
Эльмира Қуандыққызы Рақанова – Шу аудандық орталық кітапхананың кітапхананы дамыту бөлім меңгерушісі;
Ұлжан Айтбаевна Жаңабаева – аудандық орталық кітапхананың әдіскері;
Аида Қырғызбекқызы Мырзатаева – Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Байқауға қатысқан жас оқырмандар шығармашылық қабілеттерін, мәнерлеп оқу өнерін және тарихи білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Байқау жеңімпаздары:
І орын – Жандарбек Расул
ІІ орын – Айдар Айназ
ІІІ орын – Серкебай Аяжан
Сондай-ақ, белсенділік танытқан қатысушылар – Нұрболат Алдияр, Мұрат Хангелді, Шәріпходжа Диана – арнайы сыйлықтармен, марапаттарға ие болды.
Іс-шара жас буынға елін, жерін сүю, тарихты құрметтеу, тіл мен әдебиетке жақын болу секілді құндылықтарды дәріптеуге зор ықпал етті.
Кітапхана ұжымы алдағы уақытта да осындай тағылымы мол, мазмұнды шараларды жалғастырмақ.




