«Қазақтың бір туар перзенті» тақырыбында әдеби портал өткізілді.
17 қазан күні Балалар және жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушысы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 131 жыл толуына орай «Қазақтың бір туар перзенті» тақырыбында әдеби портал өткізілді.
Шара барысында кітапханашы ақының өмірбаянын және ақынға қатысты қызықты деректерді баяндап, кітапханадағы шығармаларымен таныстырды. Оқырмандар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып берді.



