«Рухани келісім – бірлік пен татулықтың бастауы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

17 қазан күні Бүгін Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 18- қазан Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – бірлік пен татулықтың бастауы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Кітапханашы Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік, баға жетпес байлығымыз, тұрақтылық тұғырымыз екендігі туралы баяндап, күнтізбемізге 1992 жылдан бастап енген бұл күн қазақ топырағына бейбітшілік орнатып,тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама екендігі жайлы насихаттады.