«Қосы батыр» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

17 қазан күні Қонаев ауылдық кітапханасында қазақ-жоңғар соғысының айтулы қаһарманы Қосы Батыр Сәмбетұлының туғанына 355 жыл толуына орай «Қосы батыр» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Қосы батыр XVIII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерекше ерлік көрсеткен атақты батырлардың бірі болғанын айтып өтті. Батырдың өнегелі өмірі мен ерлік жолы жас ұрпақ үшін үлгі болып қалатындығы туралы мағлұмат берілді.