«Өлеңім менің өзенім» атты тәрбие сағаты өткізілді.
15 қазан күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Өлеңім менің өзенім» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды.



