«Алтын сақа» атты байқау өткізді.

14 қазан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №10Шу колледж білімгерлерінің қатысумен «Алтын сақа» атты байқау өткізді. Аталмыш шарада кітапханашы ойындардың тарихы мен ережелері туралы, олардың қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріндегі маңыздылығына тоқталып өтті.

Қатысушылар «Мергендер», «Тепсе темір үзетіндер», «Асықшылар» топтарына бөлінді.

Қазылар алқасының мүшелері үздік шыққан топты әділ бағалап, сондай-ақ

байқауды ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар мен мақтау қағазы табысталды.

Шараның мақсаты – қатысушыларды дәстүрлі қазақ ойындарымен таныстыру, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ету және балалар мен ересектердің Қазақстанның мәдени мұрасына қызығушылығын арттыру.