«Ақиқа ақын» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
14 қазан күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Әбу Сәрсенбайұлының туғанына 120 жылдық мерейтойына орай «Ақиқа ақын» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, оқырмандар оның поэзиясындағы рухани тереңдік пен ұлтқа деген сүйіспеншілік жайында ой бөлісті. Сонымен қатар қатысушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, оның әдеби мұрасына деген құрметтерін білдірді.
Мақсаты: оқырмандарға Әбу Сәрсенбайұлының өмір жолы мен шығармашылығын таныстырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке және рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
