«Теңіз жыршысы – Әбу абыз» тақырыбында сыр-сандық өткізді.
14 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Т.Рысқұлов мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен Облыстық «Жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы аясында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Әбу Сәрсенбайұлының 120 жылдық мерейтойына орай «Теңіз жыршысы – Әбу абыз» тақырыбында сыр-сандық өткізді. Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оқушылар сыр-сандықта жасырылған сұрақтарға жауап берді.

