“Қазақ әдебиетінің ғажайып тұлғасы” атты өмірбаяндық шолу өтті.
10 қазан күні Қонаев ауылдық кітапханасында Жамбыл облысының тумасы, журналист, баспагер, жазушы Б.Бодаубайдың – 85 жас толуына орай “Қазақ әдебиетінің ғажайып тұлғасы” атты өмірбаяндық шолу өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға Болат Бодаубай – қазақтың жазушысы, публицисті, әдебиет зерттеушісі, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын таныстырып, өз еңбектерінде ұлттық рухты, ел мен жер тарихын, әдеби мұраның құндылығын терең насихаттайтын тұлға екенін айтып өтті.


