«Кітап – өрісі кең әлем» атты жаңа түскен әдебиеттерге шолу өткізілді.
9 қазан күні Алға ауылдық кітапханасында «Кітап – өрісі кең әлем» атты жаңа түскен әдебиеттерге шолу өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттер таныстырылып, олардың мазмұны мен мәні туралы мағлұмат берілді. Шолу барысында қатысушыларға әр жанрдағы шығармалардан үзінділер оқылып, жаңа кітаптарды оқуға қызығушылық тудыру мақсатында әңгімелер жүргізілді.
Мақсаты: оқырмандарды жаңа әдебиеттермен таныстырып, кітап оқуға деген ынтасын арттыру және рухани дамуға баулу.



