«Дін және қоғам» атты кездесу кеші өтті.
9 қазан күні Ағымдағы жылдың 9 қазанында орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған «Дін және қоғам» атты кездесу кеші өтті.
Аталмыш шараға Жамбыл облысы әкімдігінің проблемаларын зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша инспекторы, теолог Боранқұл Нұрдаулет және М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Кеш барысында бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – радикализм, экстремизм және терроризм тақырыптары қозғалды. Қатысушыларға бұл құбылыстардың қоғамға тигізер зияны, сонымен қатар одан қорғану жолдары түсіндірілді. Теолог діни экстремизмнің алдын алудың негізгі жолы — жастарды теріс діни ағымдар мен секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы үнемі хабардар етіп отыру екенін атап өтті.



