«Әнім сенсің, жырым сенсің, Туған ел!» тақырыбында дерек пен дәйек кеші өтті.
24 қыркүйек күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен «Әнім сенсің, жырым сенсің, Туған ел!» тақырыбында дерек пен дәйек кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы ауыл тарихы жайында баяндама оқып, қатысушылар арасында туған өлкенің қасиеті жайында әңгіме өрбітті. Сондай – ақ білім алып жатқан мектеп ошағының әйгілі тарихшы, әдебиетші Мұхаммет Хайдар Дулати жайында жасақталған кітап көрмесіне шолу жасады.


