«Экология -ел байлығы, оны қорғау әркімнің парызы» тақырыбында эко сағаты өтті.

23 қыркүйек күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Экология -ел байлығы, оны қорғау әркімнің парызы» тақырыбында эко сағаты өтті. Іс – шарада кітапханашы мектеп ауласындағы табиғи ландшафтар арқылы оқырмандарға экологияны ластамау, оны қорғау мен аялауға шақырды. Мақсаты: Жас буынға табиғатты аялауға үйрету. Экологияны ластамауға шақыру.