«Поэзия өнерінің жүйрігі» атты поэзия марафоны ұйымдастырылды.

22 қыркүйек күні Қонаев ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалған қазақ поэзиясының алтын сандығына өшпестей із қалдырған ақын, Әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жыл толуына орай оқырмандар арасында оның мол мұрасын насихаттау мақсатында «Поэзия өнерінің жүйрігі» атты поэзия марафоны ұйымдастырылды.

Жұмекен Нәжімеденов қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақын. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармаларымен таныстырып, оның отты жырлары лирикалық поэзиясы филофсофияға толы шығармалары көпшіліктің оқитын шығармаларына айналатыны туралы айтып өтті. Оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтып берді.