«Бала құқығы-зорлықсыз болашақтың кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
18 қыркүйек күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Амангелді орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Бала құқығы-зорлықсыз болашақтың кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтары туралы түсінік беру, олардың қорғалуын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықсыз қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын насихаттау. Іс-шара барысында балалардың құқықтары мен міндеттері туралы интерактивті презентациялар, бейнероликтер көрсетіліп, пікірталас алаңдары, көріністер мен сурет байқаулары ұйымдастырылды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларға өз құқықтарын білу, құрметтеу және қорғай білу дағдыларын сіңіруге бағытталған. Сонымен қатар ата-аналар мен мұғалімдерге балаға зорлық көрсетудің салдары жайлы мағлұмат беріліп, алдын алу жолдары қарастырылды.



