“Алты алаштың ардағы Есенберлин әлемі’” атты әдеби микс өтті.

18 қыркүйек күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасының қызметкері “Облыстық жазушылармен бір күн” кітапханалық жобасы аясында Ілияс Есенберлиннің 110жылдығына “Алты алаштың ардағы Есенберлин әлемі’” атты әдеби микс өтті.

Іс-шараның мақсаты – жазушының қазақ әдебиетіне, тарихына қосқан үлесін насихаттау, оның өмір жолы мен шығармашылығын тереңірек таныстыру, жастардың туған ел тарихына деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармалары бойынша баяндамалар, көрме, кітап көріністерінен үзінділер, сахналық қойылымдар, оқырман пікірлері мен әдеби викториналар өткізіледі. Бұл кеш оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы мен басқа да тарихи туындылары арқылы ұлттық рухты бойға сіңіруге ықпал етеді.