«Бала құқығы-зорлықсыз өмір кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

18 қыркүйек күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Бала құқығы-зорлықсыз өмір кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтары туралы түсініктерін кеңейту, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету, бала ретінде қоғамдағы орнын ұғындыру.

Іс-шара барысында балаларға арналған құқықтық тақырыптағы ойындар, сұрақ-жауаптар, пікірталастар өткізілді.