“Шуақты Шуым менің” тақырыбында тарих сағаты өткізілді.

17 қыркүйек күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана оқырмандарымен Шу ауданының 95 жылдығына орай “Шуақты Шуым менің” тақырыбында тарих сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітап қорындағы “Шуақты өлке”, “Шу өңірінің тарихы”, “Шу ақындарының антологиясы” кітаптары насихатталды. Кітапхананың тұрақты оқырманы зейнеткер Жолдасбаев Болат ағамыз Шу ауданының тарихы туралы өз ойымен бөлісті.