“Қаламы мен жүрегі – халқына адал қаламгер” библиодайвинг өткізілді.

12 қыркүйек күні Абай ауылдық кітапханасында жазушы, журналист Рамазан Тоқтаровтың туғанына 90 жыл толуына орай “Қаламы мен жүрегі – халқына адал қаламгер” библиодайвинг өткізілді. Іс-шара барысында Рамазан Тоқтаровтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама және «Бітеу Жара» романынан үзінділер оқылды. Оқырмандар жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы өз ойларымен бөлісті. Кітап көрмесінде автордың негізгі шығармалары таныстырылды.