“Оқыған кітап-ойға азық” атты әдеби жәрмеңке өтті.
12 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен аса көрнекті жазушы І.Есенберлиннің 110 жылдығына орай “Оқыған кітап-ойға азық” атты әдеби жәрмеңке өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға жазушының өмірбаяны туралы мәлімет беріп, жазушының толық шығармаларына тоқталып өтті. Оқушылар Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны туралы, шығармашылықтары туралы өз ойларын ортаға салды. Мақсаты:Еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың І. Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы Отанын, туған жерін, елін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.



