«Шоқан-дала жұлдызы» атты библиошар ұйымдастырылып өткізілді.

12 қыркүйек күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына (шын есімі Мұхаммед Қанафия) 190 жылдығына орай «Шоқан-дала жұлдызы» атты библиошар ұйымдастырылып өткізілді.

Кітапханашы оқырмандарды ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихымен, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстырды.

Мақсаты: Оқырмандардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.