«Ұрпақ және ұлттық құндылық» тақырыбында ақпараттық релиз өткізді.
11 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Т.Рысқұлов мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұрпақ және ұлттық құндылық» тақырыбында ақпараттық релиз өткізді. Шара барысында кітапханашы еліміздің ұлттық құндылықтары ұлтымыздың келешегі үшін маңызды екенін атап өтті. Жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді сіңіруіміз қажет екенін айтты. Оқушылар да өз ойларымен бөлісті.




