«Кітап рухани-азық» тақырыбында экспресс шолу өткізілді.
4 қыркүйек күні орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дарынды жазушы, қара сөздің майталманы, драматург, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Софы Сматаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен «Кітап рухани-азық» тақырыбында экспресс шолу өткізілді. Іс шара барысында кітапханашы көркем сөз шебері, дара суреткер Софы Сматаевтың ХХ ғасырдың 60 жылдары қазақ әдебиетіне кесек туындылар әкелген ұлы тұлға екендігін айтып өтті. «Елім-ай», «Ақжелен», «Оянған ойлар», «Алғашқы асу», «Бұлақ» жəне т.б. шығармаларын оқырмандарға таныстыра отырып, жазушының туындыларында тарихи дәуір, тарихи тұлғалар болмысы, халық өміріндегі шындық оқиғаларды арқау еткендігі айтылды.



