“Ата заң-елдігімнің еңсесі” атты дөңгелек үстел өтті.

29 тамыз күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай “Ата заң-елдігімнің еңсесі” атты дөңгелек үстел өтті. Кітапханашы Конституция күнімен құттықтап, Егеменді елімізді еңселі болашаққа бастаған Ата Заңымыз туралы баяндама оқыды. Іс -шараға Қорағаты ауылдық округінің бас маманы Серік Рақышұлы қатысып, жас мамандарға ата заңымызды құрметтеуге шақырды.