«Ата заң-Азат елдің ар намысы» атты әдеби сағат өткізілді.
29 тамыз күні Оразалы ауылдык кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің қызметкерлерімен «Ата заң-Азат елдің ар намысы» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шарада кітапханашы ел Конституциясы адамның құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы болып табылатынына тоқталып, кітап сөресіне шолу жасады.
Мақсаты: ҚР конституциясының тарихына шолу жасау, оқырмандарды Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.



