“Дала Заңынан тамыр тартқан” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

28 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Жастар орталығының қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Конституция күніне орай “Дала Заңынан тамыр тартқан” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарымызды Конституция күнімен құттықтап, мемлекеттің барлық азаматтары, Ата Заңымызды, мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс екені жайында айтты. Мақсаты: Оқырмандарымызға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдеп-ғұрпы, салт дәстүрін, Ата Заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.