“Көркем сөздің сырбаз сардары” атты әдеби кейс өтті.

25 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері тұрақты оқырмандардың қатысуымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Ысқақовтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған “Көркем сөздің сырбаз сардары” атты әдеби кейс өтті. Аталған шарада кітапханашы қазақ прозасының қара нары атанған жазушының өмірбаянымен, шығармаларын таныстырды. Оқырмандар Қ.Ысқақовтың “Қоңыр күз” повесті балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, қиыншылықта өткен өмірі жайында айтылды. Мақсаты: Қ.Ысқақовтың шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау және қазақи сөз қолданысын дамыту.