“Вальс карольі” атты өмірбаяндық шолу өтті.
22 тамыз күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай “Вальс карольі” атты өмірбаяндық шолу өтті.Кітапханашы аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі – Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаянымен таныстырып,композитордың шығармашылығына шолу жасады.Шара соңында кітапхананың тұрақты оқырманы Ж.Кенжеғұлованың орындауында “Арыс жағасында”әнін тамашалады.



