1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай М.Жүнісәлиев саябағында көшпелі кітап көрмесі өтті.

1 маусым күні Шу аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Жүнісәлиев саябақта көшпелі кітап көрмесі өтті. Жыл сайын тойланатын мерекенің басты мақсаты жас оқырмандарды рухани азық көзі-кітап әлемімен таныстыру, балаларды көркем әдебиет оқуға шақыру, адам өміріндегі кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Шу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай М.Жүнісәлиев саябағында көшпелі кітап көрмесі өтті. Көрмеде кітапхана қызметкерлері балаларға кітап көрмесіндегі әдебиеттермен таныстырып, насихаттады.