«Қарттарым асыл қазынам» атты кездесу кеші
1 қазан күні Белбасар ауылдық кітапхананың қызметкері және клуб меңгерушісі бірлесе 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» атты кездесу кеші ауылымыздың қарт ата – әжелерінің қатысуымен өткізілді. Іс- шара барысында кітапханашы Қарттар күнімен барша ата –әжелерді құтықтап, қарияларымыздың төл мерекелеріне арнап Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушылары ата –әжелерге арналған өлең шумақтарын оқып, әндерін айтты. Кеш соңында қарт ата- әжелерге сый сияпат таратылды.

