«ӨЗІҢ ОҚЫ, ӨЗГЕГЕ ҰСЫН!» тақырыбында оқырмандар арасында сайыс ұйымдастырылды.

23 ақпан күні орталық кітапхананың білім орталығында «Өміріме әсер еткен бір кітап» тақырыбындағы кітапханалық ұзақ мерзімді жоба аясында оқырмандарға арналған «ӨЗІҢ ОҚЫ, ӨЗГЕГЕ ҰСЫН!» тақырыбында балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасын насихаттау мақсатында оқырмандар арасында сайыс ұйымдастырылды.Сайыс ІІІ кезеңнен тұрады: викториналық сұрақтар, фотоfind, «Қожа қандай бала?» Нәтижесінде кітапханамыздың тұрақты оқырмандары М.Әуезов атындағы орта мектебі I-орынды, II-орынды Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясы, III-орынды М.Мақатаев тірек мектебі мен С.Шәкіров орта мектебі иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.