“Өзің оқы,өзгені шақыр” атты буккроссинг ұйымдастырды.
31 шілде күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкері оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтары арттыру,кітапханаға оқырман тарту,кітап оқуды насихаттау,оқу мәдениетін қалыптастыру,өзара кітап алмастыруды ұйымдастыру,кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайту мақсатында “Өзің оқы,өзгені шақыр” атты буккроссинг ұйымдастырды.Іс-шараға 20 дан астам жас ұрпақтың таным көкжиегін арттыратын түрлі жанрдағы баспа өнімдері оқырмандарға ұсынылды.Буккроссингке кітап оқуға құштар оқырмандар белсене қатысты.

