«Өзгеше ойлы қаламгер» атты тәрбие сағаты өтті.

29 қазан күні №2 Шу қалалық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, балалар жазушысы, драматург, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Әлдихан Қалдыбаевқа «Өзгеше ойлы қаламгер» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Әлдихан Қалдыбаевтың «Жасыл дөңгелек», «Екі тентек», «Әшірбек су тасушы», «Шаншар ата», «Аю — менің досым», «Өзен жағасы» атты адамгершілікті қуаттайтын, тағылымды, сезімді толқытатын балаларға арналған кітаптар жазғанын, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні терең екенін айтты.

Возможно, это изображение 20 человек, люди учатся и текст