«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» атты еске алу кеші ұйымдастырылып, өткізілді.

23мамыр күні орталық кітапханада Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» атты еске алу кеші ұйымдастырылып, өткізілді. Кеште қазақ даласы ежелден даңқты батырларымен белгілі, олардың есімдері тарихта да, халық жадында да мәңгі сақталғандығын,туған халқы үшін өмірін беруге дайын ұлдардың бірі, нағыз Отан қорғаушы – Сағадат Қожахметұлы екендігін, оның қалдырған мұрасын мұқият сақтап, ұрпаққа өнеге ретінде көбейтіп, жеткізуіміз керек екендігін кітапханашы айтып өтті.

Іс шара мақсаты – армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтың әскери мұрасын зерделеу, батырдың тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерін құруға және оны дамытуға қосқан үлесін бағалау.

Нет описания фото.