“Өнерімді еліме арнаймын” атты мәнерлеп оқу шарасын өткізді.
30 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері С.Сейфуллин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен “Ел болып оқимыз” акция аясында Маралтай Райымбекұлы Ыбыраевтың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған “Өнерімді еліме арнаймын” атты мәнерлеп оқу шарасын өткізді.
Аталған шарада ақынның туып өскен жері, жазған туындылары жайлы айтылды. Оқушылар өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Іс-шара соңында соңында ақынның “ Өлеңдер” жинағы, “Кентавр”, “Жайықтың бойы көк шалғын” т.б кітаптары таныстырылды.

