«Өнер деп өткен…» атты естелік сағатын өткізді.
15 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына орай «Өнер деп өткен…» атты естелік сағатын өткізді. Аталған шарада қазақ киносының шоқтығын асқақтатқан тұлғаның өмірі мен шығармашылығы баяндалып, оқушылар да өз ойларымен бөлісті.


