“Өмірдің өз болмысын тебірене білген жазушы” атты портреттік кеш өтті.
27 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Бір ел-бір кітап” акциясы аясында қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай “Өмірдің өз болмысын тебірене білген жазушы” атты портреттік кеш өтті. Шара барысында жазушының өмірі мен еңбек жолдарын видеоролик арқылы көрсетіліп,оқушылар өздері оқыған “Менің атым Қожа”, ”Жекпе-жек”, ”Балалық шаққа саяхат” атты шығармаларының кейіпкерлері жайлы өз ойларын жеткізе білді.

