«Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік кеш кітапхананың білім орталығында өтті.

31 мамыр күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік кеш кітапхананың білім орталығында өтті. Шара барысында С.Шакиров пен Әль Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары Ермахан Жарқынай мен Ермахан Кәусар, Боранбай Адия ән айтып, биден шашу шашты. Кешке жиналған бүлдіршіндерде қалыс қалмай өлең оқып би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Кітапханашы К.Алтыбаева тактильді кітаптар мен балаларға арналған кітаптарға шолу жасап, таныстырды. Кеш соңынан ОКЖ директоры Б.Алжанбаева мен Шу аудандық Зағиптар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Турдалиева құттықтау сөз сөйлеп, балаларға арнаған сыйлықтарын табыс етті. Шара соңы бимен жалғасты.