«Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян» атты өмірбаяндық шолу өтті.
15 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян» атты өмірбаяндық шолу өтті. Мақсаты: Туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту, оқуға деген қызығушылығын ояту. Шара барысында кітапханашы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ш.Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығын баяндап, «Жыл құстары», «Гәкку», «Назерке» атты кітаптарымен таныстырды.

